ІІМ жүргізуші куәлігін ауыстыру бағасы 20 мың теңгеге өсетіні туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Елімізде жүргізуші куәлігін ауыстыру құны 1 шілдеден бастап 20 мың теңгеге өсетіні туралы ақпарат тараған еді. Өз кезегінде полициядағылар бұл ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жүргізуші куәлігін алмастыру үшін төленетін мемлекеттік баж көлемі өзгерген жоқ.
«Мемлекеттік баж айлық есептік көрсеткіштің 125 пайызын, яғни 3 006,25 теңгені құрайды», – делінеді хабарламада.
Сонымен қатар жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін кез-келген уақытта арнайы ХҚКО-ға бару керектігін айтты. Егер құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе, қосымша медициналық тексеруден өту қажет.
https://www.facebook.com/profilaktika.ddp/posts/2086323731409470