Жамбыл облысында тәулік ішінде екі көлік өртеніп кетті

0 4

Жамбыл облысында тәулік ішінде екі көлік өртеніп кетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы шілденің 9 күні сағат 12:03-те Тараз қаласы Сағындықов көшесінде 1989 ж.ш., «Volkswagen passat» маркалы автокөлігінің өртенуі болды. Нәтижесінде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі отпен зақымдалды. Өрт сағат 12:14-те оқшауланып, 12:28-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (7 қызметкер, 1 бірлік тех.) күшімен толық сөндірілді.

Сондай-ақ, осы күні сағат 16:07-де Шу ауданы, Шу қ., Қонаев көшесінің бойында 2007 ж.ш., «Infiniti FX-35» маркалы автокөлігінің өртенді. Тексеріс нәтижесінде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі отпен зақымдалған. Өрт сағат 16:20-да оқшауланып, 16:26-да ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (3 қызметкер, 1 бірлік тех.) күшімен толығымен сөндірілді.

Айта кетерлігі, облыстық ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-де өткен тәулікте 3 рет жедел шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.