БЖЗҚ басқармасы төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева уақытылы төлем жасамаған фрилансерлердің қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Уақытылы жарна төлемеген агенттер үшін өсім қарастырылады. Агент дегеніміз міндетті зейнетақы жарнасына ақша аударуға тиіс заңды, жеке тұлғалар. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заң тұрғысынан оларға бірінші кезде айыппұл салынып, қайталанған жағдайда жауапқа тартылады»,- басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.
Оның айтуынша, 2020 жылға қарай елімізде жалпы табысты декларациялау шаралары енгізіледі. Соған сәйкес, басыбайлы табысты анықтау басталады. Зейнетақы жарнасын дұрыс тәртіпте әрі уақытылы жасауды мемлекеттік кірістер органдары қадағалайды.
«Жаңа тәртіпке сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс тауып отырған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің айлық кірісі есептеледі. Содан екінші деңгейлі банктер арқылы 10% өндіріледі»,-деді Сәуле Егеубаева.
Еске сала кетсек, «Зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы заңға өзгерістер енген болатын. Заңға сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар зейнетақы төлемін жасауға міндеттелген еді.
БЖЗҚ басқармасы бұл өзгерістерден оң нәтиже күтеді. Заң 14 шілдеде өз күшіне енеді.