Бүгін Астанада Жамбыл облысының мәдениет күндері басталды. Мерекелік шараның шымылдығын Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында Қ.Бейсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясымен Жамбыл облыстық қазақ драма театры ашты. Бұл туралы Астана қаласынан «Zhambylnews» AA тілшісі хабарлайды.
Әулиеаталық өнер ұжымының өнерін тамашалауға астаналық тұрғындар көптеп жиналды.
Айнұр Жапарова, Астана қаласының тұрғыны:
— Әулиеатадан Елордамызға осындай тамаша қойылым әкеліп, өнерімен тәнті еткен жамбылдықтарға рақмет. Қойылым өте ұнады, мәнді, мағыналы, қазіргі өмірдің кейбір сәттері шынайы сахналанды. Керемет әсер алдым.
«Жаңарған Жамбылдан — асқақтаған Астанаға» атты Жамбыл облысының мәдениет күндері ертең де жалғасады», — деп осы қойылымды астаналық көрерменмен бірге тамашалаған «Zhambylnews» AA тілшісі хабарлайды.