Астана қаласында Жамбыл облысының мәдениет күндері жалғасын табуда. Дəл қазір «Қазанат» қалалық ипподромындағы этноауылда қолданбалы қолөнер бұйымдары мен музейлер қорынан құнды жәдігерлердің жылжымалы көрмесі өтуде. Бұл туралы Астана қаласынан “Zhambylnews” AA тілшісі хабарлайды.
Елорда тұрғындары аталған көрмені «Қазанат» қалалық ипподромы аумағындағы Этноауылда бүгін кешкі сағат 18.00 дейін тамашалай алады.