Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қоры және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен облыста алғаш ІТ-сынып ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Аталмыш ІТ-сыныптың тұсаукесеріне «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасы аясында ашылды.
Аталған сыныптың ашылуындағы негізгі мақсат – еліміздің ақпараттық-цифрлық әлеуетін дамыту, жаңаша ойлайтын зияткерлік ортаны қалыптастыру, жоғары деңгейдегі ІТ мамандарын дайындауға үлес қосу және оқушылардың ІТ технологияға қызығушылығын арттыру.
ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалім аталған сыныпқа арналған барлық құрал-жабдықтарымен, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамыз етілген. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқу және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері, құрал-жабдықтары орнатылған.
ІТ-сыныпта 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар «STEM centr» акдемиясы бойынша 3 модульден тұратын оқу бағдарламасы бойылша білім алатын болады. Бірінші оқу модулінде оқушылар бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава» бағдарламалау тілдерін меңгереді. Ал 2-ші оқу модулінде робототехника бойынша білімдерін жетілдіреді. Онда олар «Лего» және «Ардуино» конструкторларынан робот құраса, 3-ші оқу модульде 3D модельдеуді меңгереді.
Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясы өңірде жыл соңына дейін 12 кабинет ашуды жоспарлап отыр. Ашылатын ІТ-сыныптарда 1300 оқушы білім алса, 2019 жылы 1800, ал 2020 жылы 2400 бала бағдарламалау мен робототехниканың қыр-сырын үйренбек.