Қазақстанда 18 шілде күні телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«18 шілде күні 03:00-ден 17:00-ге дейінгі (Астана уақытымен) аралықта «Қазтелерадио» АҚ-тың спутниктік және эфирлік телерадио хабар тарату желісінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты, телевизиялық және радио сигналдар үзіледі», — делінген хабарламада.
«Қазтелерадио» уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеді.