Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы болып Смайлов Жандос Мейірбекұлы тағайындалды. Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында жариялады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ж.Смайлов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған, сондай-ақ, әр жылдары «Қазконтент» АҚ-да республикалық Baq.kz ақпараттық порталында және El.kz жастар сайтында редактор, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Ақпараттық-мониторинг бөлімінің басшысы, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің баспасөз хатшысы және «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-да бас сарапшы болып қызмет атқарды.
2015 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.