Таразда суға ағып кеткен 8 жасар бала іздестірілуде

0 1

Жамбыл облысы ТЖД суға ағып кеткен 8 жасар балаға іздеу салады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Ұл бала 16 шілде күні сағат 14:30-да Тараз қаласы, Талас өзенінде ата-анасының қарауынсыз қалып суға құлап батып кеткен. «ЖҚЖ» ММ (4 адам, 1 бірлік техника және 1 жүзу құралы) күшімен сағат 15:00-ден бастап 2010 жылы дүниеге келген балаға іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда, сағат 21:00-де іздестіру жұмыстары аяқталып, нәтиже бермеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.