Астана қаласының 20 жылдығы аясында іс-шаралар ұйымдастыру, Астана қаласының Жамбыл облысындағы мәдени күндерді өткізу мақсатында ағымдағы жылдың 25 – 26 шілде күндері М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Тараз қаласына арнайы гастрольдік іссапармен келеді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-сапар барысында Астана және Тараз қаласының театрлары қызметкерлері арасындағы шығармашылық кездесу, М. Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрының директоры Қасенов Еркін Тілеуғазыұлымен сұхбат өтеді.
Жоспарланған қойылымдар:
25 шілде 2018 жыл сағ: 19. 00-де
1. К. Людовиг «Примадонны» комедиясының көрсетілімі
26 шілде 2018 жыл сағ: 19. 00-де
2. А. Касон «Дикарь. Третье слово» мелодрамасының көрсетілімі
Барлық қойылымдар Жамбыл облыстық драма театр залында сахналанады.
Баршаңызды театрда күтеміз!