Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова неліктен фрилансерлердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жарна төлеп отыруы тиіс екенін түсіндірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.
«Бұрын заңда олар (фрилансерлер) зейнетақы жарнасын төлеуге құқығы бар деп айтылған. Бірақ тіпті заңның өзінде де өзара қайшылықтар болды. Енді зейнетақы туралы заңға сəйкес, еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстанның барлық азаматы БЖЗҚ-ға 10 пайыз зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттелді жəне қазір бұл ереже азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндерге де қатысты», — деді министр.
«Қазақстанда зейнетақы қорымен қамтамасыз ету» туралы ҚР Заңының 25-бабына өзгерістер енгізілді. Заңға сəйкес, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін азаматтар (фрилансерлер) зейнетақы жарнасын төлеуге міндетті болады. Жаңа ережелерге сəйкес, фрилансерлер уақытылы төлеуге, есептеуге тиісті.
Фрилансерлердің БЖЗҚ-ға жасайтын төлемінің арқасында коммерциялық банктер 6 миллиард теңгеге дейін табыс таба алады.