Бүгін Шу аудандық Мәдениет үйінде Астана күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Шу ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған жиынға аудан әкімі Қ.Ә.Досаев қатысып, құттықтау сөзін жолдады. Тарихтан сыр тарқатып, Астана қаласын абыройын айшықтады. Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласынан туындаған «Жомарт жүрек» қайырымдылық пен еріктілік жұмысқа белсене қатысқан азаматтар осы жиында аудан басшысы қолынан Алғыс хат пен арнайы естелік сыйлықтар алды. Бірқатар тұлғаларға «Астанаға-20 жыл» медалін табысталды.
Сондай-ақ , Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен, мәслихат хатшысының қолынан марапат қағаздары мереке қарсаңында ауданның ажарлануына ат салысқан аудан азаматтарына табыс етілді.
Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясына қабылданған азаматтарға партиялық билеттері берілді.
Жиын соңы арнайы мерекелік концертке ұласып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарының әсем әнің, көркем биін Астана қаласының 20 жылдығының құрметіне арнады.