Ата – анасының қарауынсыз қалған 1 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.
«Тұрмыстағы жазатайым оқиға 18 маусым күні сағат 18:00-де Қордай ауданы, Гвардейск қала типіндегі ауылдың №1 жатақханасы, 5 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы, 203 бөлмеден ата-ананың қарауынсыз қалған 2017 жылы туған сәби құлап кетті, — делінген хабарламада.
Жоғарғы қабаттан құлауының нәтижесінде, миы шайқалып, көптеген жарақаттар алып, жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозы қойылған бала Қордай аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінде ем алуда. Жағдайы орташа ауыр.