Денис Тенге ота жасалып жатыр: Мәнерлеп сырғанаушы ауыр жағдайда

0 28

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жағдайы туралы айтып берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денис Теннің Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқаны айтылады.

«Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, ота жасалып жатыр. Үш литр қан жоғалтты», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Мұның алдында Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланған болатын.

Еске сала кетсек, Денис Тен — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.