Бүгін Қазақстан аумағында метеожағдай қандай болады

0 11

20 шілдеде Қазақстанның бес қаласында метеожағдайлардың әсерінен ауада ластаушы заттар тарайды, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Шымкент, Астана және Балқаш қалаларында метеожағдай нашарлап, ауа ластануы мүмкін. Сондай-ақ, Қарағанды мен Теміртауда жайсыз метеожағдай қалыптасады.

ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.