Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталды

0 4

Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.

«Денис Тенді өлтіру дерегі бойынша жедел іздестіру шараларының барысында қылмыс жасады деген адамдар анықталды. Күдіктілердің бірі уақытша тергеу изоляторына қамалды. Екіншісіне қатысты іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Осыған дейін дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмағанын түсіндірген болатын. Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің айтуынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15.23-те түсті.

«Барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кенеттен келген өлім болды. Клиникаға аса ауыр жағдайда түсті. Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ, амал не, қайтыс болды. Өмірлік маңызы бар органдарындағы жарақаттар таңып қайтыс болды», — деп түсіндірген еді дәрігер.

Кеше Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.

Денис Тен — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.