Автокөліктің айнасын ұрлайтындар басқа аймақтардан да ұстала бастады

0 0

Шымкентте  полицейлер автокөлік айнасын ұрлаумен айналысқан Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Сезікті  автотұрақта тұрған «Лексус» автокөлігінің екі жақтауындағы айнасын қорапшасымен бірге ұрлап кеткен, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат — қа сілтеме жасап.

Күдіктіні ұстауға қала тұрғынының полицияға жазған арызы негіз болған. Көлік иесінің айтуынша, екі айнаны жасырын ұрлағандар 500 мың теңге материалдық шығын келтірген. Осыдан кейін Түркістан облысының Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, сезіктіні қолға түсірді.

«Күдікті қамауға алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің  «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған күдіктінің автокөліктің айнасын ұрлаудың тағы бір  жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі миллион теңгеге жуық болып отыр», — делінген Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.