6 айда Тараз қаласында 2022 адам жұмыспен қамтылған

0 14

Тараз қаласында ағымдағы жылы 6 айдың көлемінде 2022 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Жыл басынан бері қаладағы уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа тұру үшін 3351 адам өтініш білдірген.

Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 28 адам, жастар тәжірибесі бойынша 173 адам және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша 693 адам орналасқан. Сонымен қатар 2018 жылы қоғамдық жұмыстарға 891 адам тартылуы тиіс болса, есепті кезеңде 518 адам жолданып үлгерілген. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайыз, ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 135 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 107 616 теңгені құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.