Биыл Тараз қаласында құны 4 млрд 897,0 млн теңгені құрайтын з инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Олардың қатарында шойын балқыту, арматура шығару, кондитерлік өнім өндіретін фабрикалар бар.
Мәселен, «KISC» ЖШС жалпы құны 1 млрд 870 млн. теңгеге жылына 24 мың тонналық өнім өндірсе, ал құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын салу үшін «Тараз арматура зауыты» ЖШС құны 2 миллиард 177 миллион теңге жұмсаған. Сондай-ақ, «Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС құны 850,0 миллион теңгеге жылдық қуаттылығы 4,5 мың тоннаны құрайтын өнім шығарады.