Ең шалғай аудандарға жол салынбақ

0 4

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында кең ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталмақ, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл қаладан 600 шақырым жердегі Сайқын ауылында 5,6 шақырым жолға асфальт төселеді. Қажетті қаржыны Қарашығанақты игеруші инвесторлар бөлген. Ал келер жылы Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша тарихи мекенге жол құрылысы басталады. 3 жыл ішінде аудан аумағындағы республикалық маңызы бар 103 шақырым және Хан ордасы ауылына апаратын 21 шақырым жолды жөндеу көзделген. Қазір сметалық құжатты жасаушылар Ресейге қарасты теміржолдың мүмкіндіктерін бағалап, жергілікті құрылыс материалдарының сапасына талдау жасап жатыр. Бұл құрылыс құнын айтарлықтай арзандатуға мүмкіндік бермек.

Нұрлан Рақымжанов, Бөкей ордасы ауданының әкімі:

Аудан орталығынан 40 шақырым жерде кіші Боғда дейміз, Жамантау дейміз, кен орны бар. Күні бүгін бұл жерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни қиыршық тасымыз асфальт жасау үшін пайдаға аса ма, аспай ма, сол тексеріледі. Бір айдан соң белгілі болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.