Иттерге электронды құжатты қалай береді

0 3

Таң атысымен елордалық «Астана ветсервистің» ветеринарлары қаланың жекеменшік секторлары мен үйлерді аралап, құтырудан сақтандыратын екпені қажет ететін иттер мен мысықтарды іздестіреді. Ал ең бастысы жануарларды тіркеп, иесіне тегін төлқұжат береді. Астана әкімдігінің ресми сайтының тілшілері ветеринарлармен бірге ілесіп, жануарларға қалай электронды құжат беретінін көріп қайтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Иттерге арналған электронды құжаттың көлемі күріштің дәніндей ғана. Жыл басынан астанада иттер мен мысықтарды чиптеу бойынша пилотты жоба іске асқан болатын. «Астана ветсервис» МКК ветеринария бөлімінің басшысы Ерлан Зикибаевтың айтуынша чиптеу өте дұрыс, ол жануарларды сәйкестендіріп, есепке қою үшін қажет.

«Чиптеу – ол электронды құжат. Ол жануардың денесіне сіңіп, өмір бойы сонымен қалады. Бұл электронды құжат секілді. Оның артықшылығы, егер жануар жоғалып қалса сканерлеудің арқасында оны тауып алуға болады», – дейді Ерлан Зикибаев.

Ветеринария бөлімінің басшысы жоба іске қосылғалы 1600 иттің чиптелгенін айтты. Ветеринарлар күніне 20-ға жуық үйді аралап 40 шақты құйрықтыларға чип енгізеді. Жұмыс оңай емес екен, Байқоңыр ауданындағы жекеменшік секторларды аралап жүрген кезде итті көбіне үйді қорғау үшін ұстайтынын көрдік.

Ит – байлаулы әрі тұмылдырығы бар болса да адамның досы. Бір метрге дейін бойы ұзын төбеттер үйдің күзетшісі және олар өз жұмысын адал атқарады. Ондай иттер әбір жеке үйлерде кездеседі. Ветеринар Айдархан Арыстановтың айтуынша мамандардың үй егесіне жолығуы қиындық келтіреді екен.

«Қақпаны тоқылдатасың, ешкім шықпайды, есік ашық тұр. Қарайсың тып-тыныш. Үйге бара жатсаң алдыңнан үлкен ит жүгіріп келе жатады. Бізден басқа пошташы, электриктер есікті қағып жатады, ит оларды тістеп алуы мүмкін. Итті олай бос қоя беруге болмайды, байлап қою керек», – дейді ол.

Бақытымызға орай біз бірінші барған үйдің иті байлаулы тұр екен. 2 жасар үй күзетшісінің есімі Чарли.

Ветеринарлар ит пен оның қожайыны туралы мәліметтерді толтырып шығады. Иттің иесінен жануардың тұмсығына тұмылдырық кигізуді өтінді. Себебі ішінде чипі бар щприцті салып жатқан кезде ит тістеп алуы мүмкін. Ит алдын мұны ойын екен деп қабылдайды. Ветеринар өзін қауып алмасы үшін итті ұстатқызып қояды.

Қорытынды 2 минутта дайын болады. Енді Чарлидің бүкіл өмірбаяны – лақап аты, тұқымы, жасы, мекенжайы және иесінің ЖСН чипте.

«Енді итім қашып кетсе де алаңдамаймын. Меніңше ең бастысы бұл кез келген иттің иесіне жақсы көмек», – деді Чарлидің иесі.

Мысалы, чипі бар жануар жоғалған жағдайда мамандар чиптің орнына сканер қояды, сол кезде барлық ақпарат экран бетіне шығады.

«Адамдар чипте GPS-навигатор бар ма деп сұрақ қояды. Навигаторлар үлкен, қолайсыз болады. Ол мойынға, құрсақ қуысына пайдаланады. Оны ғылыми мақсатта жабайы фаунада табиғатты зерттеу үшін қолданады. 2-3 жылға жететін аккумулятормен жабдықталады», — деді мамандар.

«Чип жасау 90-жылдары қолжетімді емес еді, егер емханада жасатсаң арзанға түседі. Бізде Астанада 11 жекеменшік ветеринарлық емхана бар. Онда чиптеу ақылы. Ал «Ветсервисте» тіркету, чиптеу, құтыруға қарсы вакцина салдыру, гельминтке қарсы таблетка салдыру тегін», – деді «Астана ветсервис» басқармасының басшысы Ерлан Зикибаев.

Осындағы топ иттің үрген дауысы естілген келесі үйге қарай беттеді. Жыл соңына дейін ветеринарлар 8 мың итке құтыруға қарсы екпе салып, 6 мың итке чип салуды жоспарлап отыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.