Санавиация науқастарды ауруханаға жеткізу уақытын 4 есе үнемдейді

0 10

Санитариялық авиация қызметі ауылдық жерлерде науқастарға мамандандырылған көмек көрсету уақытын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік берді, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда қан айналымы жүйесінің аурулары ҚР-дағы өлім-жітім себептерінің бірі болып табылады. Миокард инфарктінің дамуы және шұғыл араласу арасындағы уақытты қысқартуға мүмкін әрбір минут, жүрек бұлшық өміршеңдігі сақтауға мүмкіндік береді, яғни инфаркт зақымдану аймағын азайтады.

Қан айналымы жүйесінің аурулары себебінен санавиация ұшулары ұшу қызметінің едәуір үлесін құрайды. Бұл инфаркт және инсульт алған науқастарға облыстық және республикалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық ұйымдар жағдайындағы көмек қажет.

Тек ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР санавиация қызметімен осындай 265 науқас тасымалданды. Қан айналым жүйесі аурулары себебінен ең көп ұшуды «әуе жедел жәрдемі» Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарында орындады.

Жақында Қазақстанның санитариялық авиация күшімен жіті инфаркпен 1961 жылы туған Шалқар қаласы тұрғыны тасымалданды. 2018 жылғы 25 шілде әйел денсаулығының нашарлауына шағымданып, тұрғылықты жері бойынша жедел медициналық жәрдем қызметіне барды және Шалқар аудандық ауруханасына жатқызылды. Науқас жағдайының ауырлығына, сондай-ақ аудандық медицина мекемелері жағдайында қажетті медициналық көмек көрсету мүмкін болмағандықтан, оны Ақтөбе медициналық орталығына тасымалдау жөнінде шешім қабылданды. Санавиация күштерін пайдалану науқасты Ақтөбе қаласы медициналық мекемесіне жеткізу уақытын 4 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Осындай диагноз қойылған науқастар үшін рұқсат етілмеген жер үсті автокөлігімен тасымалдау 7,5 сағат асатын уақыт алар еді.

2018 жылғы 25 шілде сағат 12.00-де санитариялық авиация ұтқыр бригадасының және реаниматолог-дәрігерінің алып жүруімен науқас Ақтөбе қаласы медициналық мекемесіне сәтті жеткізілді.

Қазір әйел жансақтау бөлімінде, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Бүгінде алыс аудандардан науқастарды санавиация күшімен жедел жеткізу жүйесі ҚР барлық өңірлерінде тиімді жұмыс істейді. Бұл өлім-жітім көрсеткіштерін жақсартуға және әсіресе, ауылдық жерлердегі халықтың өмір сүру ұзақтығына әсер ететін өте маңызды бағыттардың бірі.

Осы кезеңде санавиациямен 982 ұшу орындалды. Санитариялық авиацияның ұтқыр бригадасымен 1072 науқасқа медициналық көмек көрсетілді, 1137 медициналық қызметтер орындалды, оның ішінде: 924 науқас (81,3%) медициналық ұйымдарға тасымалданды, 143 консультация (12,6%) және 70 операция (6,2%) жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.