Тараз қаласының жылдық бюджеті 53 млрд теңгеден асады

0 0

Тараз қаласының жылдық бюджеті 53 млрд теңгеден асады. Бұл туралы бүгін қалалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Бірақ, салықтық және басқа да кірістердің көлемі 10 млрд теңгенің көлемінде ғана. Бұл әрине төмен көрсеткіш. Сондықтан, қалалық әкімдіктің мамандары салық органдарымен бірлесіп кешенді жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Бұдан бөлек, биылғы жарты жылдықтың өзінде қазына қаржысын толық игеремеген мекемелер бар.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері мемлекеттік сатылым кезінде тыңғылықты жоспар жасау керектігін атап өтті.

Жиын соңында шаһардағы жылу мекемелерінің қысқы маусымға дайындығы мен мониторинг жұмыстарының нәтижелері айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.