Маңғыстау облысында 16 жаңа жол салынып жатыр

0 2

Маңғыстау облысында жергілікті маңыздағы автожолдардың 97%-ының жағдайы жақсы. Оған қоса, 491 шақырым болатын 16 жол салынып жатыр. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтып берді. 

Оның айтуынша, географиялық орналасуына орай облыста көлік қозғалысының барлық түрі (автомобиль жолы, әуе жолы, темір жол, су жолы) қалыптасқан.

– 2025-2026 жылдары Маңғыстау облысының аумағында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы ұзындығы 491 шақырымды қамтитын 16 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, — деді Н. Қилыбай елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, облыстағы қоғамдық көлік маршрутында жаңартылған автобустардың үлесі – 90%-ға жетті. 2021-2025 жылдары 333 жаңа автобус сатып алынып, 35 жаңа бағыт ашылған.

2026 жылы тағы 75 автобус алынады, соның нәтижесінде автобус паркі 100%-ға жаңартылады.

Бұған дейін Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан мен Әзербайжан арасында алғашқы паромдар қатынай бастайтынын айтқан еді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.