Жамбыл облысында суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 2-шілде күні сағат 20:00-де Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, «Жемчужное» көлі –қалалық жағажайында «ЖҚЖ» ММ (2 адам және 1 жүзу құралы) күшімен шомылуға арналған жерде шомылу барысында суға батып кеткен 1964 ж.т. азаматтың судан өлі денесі табылып, шығарылды.
Айта кетерлігі, Жамбыл облыстық ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-де өткен тәулікте 2 рет жедел шықты.