Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

0 0

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне (4-5 тамыз) арналған ауа райы болжамын мәлім етті. Синоптиктердің айтуынша, демалыста еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

— Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы болады. Кей жерлерде күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, солтүстікте екпінді жел соғады. Температураның негізгі фоны —  25-30 градус, оңтүстік және батыста — 33-38 градус күтіледі. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында жылудың кезекті толқыны болады. Ал 5 тамыздан бастап температура 25-32 градусқа дейін көтеріледі», — дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.