140 балл жинаған Шиара Құдайбергенова қай университетке түсті

0 0

ҰБТ-дан ең жоғарғы 140 бал жинаған алматылық бойжеткен Шиара Құдайбергенова қай жоғары оқу орнында білім алатынын айтты,- деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматылық түлек Сүлейман Демирел университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мемлекеттік басқару мамандығын таңдаған екен.

«Негізі 4 оқу орнын жазу керек болған. Мен үшеуіне Сүлейман Демирел Университетін, біреуіне Еуразия Ұлттық Университетін жаздым. СДУ-да қаржы мамандығын таңдадым. Ал ЕҰУ-да мемлекеттік басқару мамандығына түскім келді. Мен негізі логист болғым келген, бірақ ол мамандық қазір электронды түрде дамып жатыр екен. Мен СДУ-да қаржы мамандығын таңдаған себебім, 4 жылда xалықаралық 14 сертификаттың 9-ын алып шығамын. Бұл сертификаттар басқа ЖОО-да берілмейді екен. Ал қаржыгерлерге бұл сертификат ауадай қажет. Сол үшін қаржы мамандығын таңдадым», — деді ол.

Шиараның айтуынша, оны білім алуға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Сүлейман Демирел Университеті, UIB, AlmaU және тағы да басқа бірқатар жекеменшік университеттер шақырған.

«Бірақ мен СДУ-ды таңдадым. Себебі алдағы 4 жылда аталған университет менің білімімді молайтады деп сенемін. Мұнда талап жоғары. Барлық сабақ ағылшын тілінде болады. Сол үшін ағылшын тілі курсына қатысып жүрмін», — деді алматылық түлек.

Айта кету керек, республика бойынша ҰБТ тестілеуден ең үздік нәтиже — 140 ұпайға қол жеткізген Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның түлегі Шиара Құдайбергенова Алтын белгі мен үздік аттестатқа үміткер болмаған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.