Қасымов көлік айнасын ұрлау туралы: Полиция оларды күнде тексере алмайды

0 0

Қазақстанның ІІМ министрі Қалмұхамбет Қасымов көлік айнасын ұрлау қылмысына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үшінші мәселе — көлік бөлшектерінің ұрлануы. Болған қылмыстан кейін (Денис Теннің өлімі- авт.), біз прокуратураның мақұлдауымен Алматы, Қарағанды, Павлодар және тағы да басқа облыстарда тексерулер өткіздік. Біз нені байқадық? Жалпы, қосалқы бөлшектерді жасаушылардың саны жетіп артылады. Қазақстанда тіркелген айна ұрлау деректерінің 452-сі 90% Алматыда жасалған.  Бізде мұндай қылмыстар тек осы осы өңірде ғана болады. Себебі сұраныс ұсынысты тудыратыны белгілі», — деп жауап берді Қалмұханбет Қасымов  Қазақстан мен Ресей Ішкі істер министрліктерінің біріккен алқа отырысының нәтижесі бойынша өткен брифингте.

ІІМ басшысы базарлардағы сатып алушылар қылмыскерлерге бұйрық беріп,  тіпті қандай айналарды әкеліп, сатудың керек екенін сұрайтынын жеткізді.

«Полиция бұл іспен айналысатындарды күнде тексеріп жүре алмайды, себебі бұл — бизнес. Олар қорғалған. Мен оларды тексеру үшін прокуратурадан санкция алуым керек. Қылмыскерді көз алдыма әкеліп көрсетпегенше санкциясыз жұмыс жасай алмаймын», -деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.