Алматы қаласынан 408 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында жер сілкінді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жер сілкінісі 7 тамызда Алматы уақытымен 23 сағат 17 минутта тіркелді. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV тербелісі — 4.4.
Жер сілкінісі Қазақстандағы екі қала — Тараз бен Шымкентте сезілді -2 балл», — делінген хабарламада.