Бүгін «Жастар әуе орталығы» әскери –патриоттық клубы 14157 әскери бөлімінде «Ашық есік» күніне қатысты. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.
Бұл әскери-патриоттық клубтың алға қойған мақсаттары мен талаптары таудай. Клубтың мақсаты — еліміздің нағыз патриоттарын, кәсіби ұшқыштар мен пилоттарды, штурмандарды және әуе спортшыларын тәрбиелеу.
14157 әскери бөлімнің әскери-ұшқыштары клуб тәрбиеленушілерін ұшқышсыз әуе көлігімен таныстырып, оның ұшу-тактикалық мүмкіндіктерін көрсетті.
Сондай-ақ, тік ұшақтар мен қару-жарақтарды көрсетті.
Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жөніндегі орынбасары майор Альберт Аллаяров балаларға бөлімдегі ұшқыштардың тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Айта кетейік, әскери қызмет — азаматтардың қарулы күштер қатарында өз еркімен мемлекеттің жүктеген міндеттерін атқаруы немесе өз еркімен мерзімнен тыс қызмет етуі. 1995 ж. кабылданған «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік» туралы заңды негізге ала отырып, Қазақстанның барлық ер азаматтары нәсілі мен ұлтына, діни сеніміне, біліміне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан, қарулы күштер қатарында міндетті әскери қызметті атқаруға тиісті. Міндетті әскери қызметке 18 жасқа толған азаматтар шақырылады. Шақыру жұмысы жылына екі рет, мамыр-маусымда және қазан-желтоксанда жүргізіледі. Әскери қызметшілерді запасқа босату жұмысы да нақ осы мерзімде жылына екі рет өткізіледі. Әскерге шақырылған азаматтардын қызмет ету мерзімі сарбаздар, сержанттар және әуе қорғаныс күштері мен мемлекеттік шеқараны корғау әскерлері үшін — 2 жыл. Жоғарғы білімі бар азаматтар үшін — 1 жыл, Әскери-теңіз флотының матростары, сержанттары мен старшиналарының қызмет ету мерзімі 2,5 жыл. Жоғары оқу орындарын бітірген запастағы офицерлер 2 жылға әскери қызмет етуге шақырылуы мүмкін. Медициналық немесе басқа арнаулы даярлығы бар 19-35 жастағы қыз-келіншектер бейбіт уақытта әскери есепке алынып, жапығу жиындарына қатысады. Сонымен қатар, 19 жастан 35 жасқа дейінгілері ерікті түрде міндетті әскери қызметті атқару үшін қарулы күштер қатарына шақырылуы мүмкін. Қарулы күштер офицерлерінің міндетті әскери қызметте болуының шекті жасы кіші лейтенанттан бастап капитандар үшін — 40 жас. Майор, подполковник және солармен теңесетіңдер үшін міндетті әскери қызметте болудың шекті жасы — 45, ал полковниктер үшін — 50 жасқа дейін. Генерал-майор мен генерал-лейтенанттар және соларға теңесетіндер үшін — 55 жас, генерал-полковник пен армия генералдары үшін 60 жас.