Таразда «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасы бастау алды

0 8

Таразда тұңғыш рет  «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасы бастау алды. Бұл туралы  «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы рөлі де ерекше. Өзге тілді үйрену мен қатар оны жетік меңгеру халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай екі ай көлемінде ұйымдастырылатын тілдер жобасының  атқаратын жұмысы да еселі болмақ. Белгіленген мерзімде тараз қаласының 200-ге тарта тұрғыны оқытылмақ.

Қолға алынып жатқан жұмыстың бір ерекшелігі, оқыту жұмыстары қала аумағында орналасқан саябақтарда жүргізіледі. Аптаның  бес күнінде, яғни дүйсенбі мен  сенбі күндері аралығында Жеңіс және Т.Рысқұлов саябақтарында ағылшын тілі пәні үйретіледі. Айта кетейік, білім беру уақыты күндізгі 11.00-ден, кешкі 20.00 ге дейін жалғасады.

Аталған тіл меңгеру жобасына тіркелушілер саны да көп. Олардың  дені жастар. Бірі қызығушылық танытып келіп  отырса, енді бірі  алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндік екенін айтады.

Нұрила Есенәлі, оқушы:

— Мен бұл ағылшын тіліне келіп жүргеніме 5-6 күн болды. Маған бұл сабақ ұнайды әсіресе адамның аты қалай дұрыс айтылуы керек, сандар, тағы басқа көптеген қызықты сабақтар болып жатыр, осы келген күнімнің ешқайсысына өкінбеймін.

Қала тұрғындарына 2 айлық курс барысында  еркін бағдарламамен ағылшын тілін меңгеруге тамаша мүмкіндік туып отыр. Жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы рөлі де ерекше. Өзге тілді үйрену мен қатар оны жетік меңгеру халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай екі ай көлемінде ұйымдастырылатын тілдер жобасының  атқаратын жұмысы да еселі болмақ.

Арнайы қала тұрғындарына ұйымдастырылған «Тілдер саябағы» жобасына кез-келген жастағы азамат қатыса алады. Бастама Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам » бағдарламасы асяында жүзеге асып отыр.

Айта кетейік, тілдер саябағы — қала тұрғындарына саябақтарда үш тілді үш ай бойы тегін оқытуға бағытталған әлеуметтік жоба. Шаһарда бастау алған аталмыш жоба аясында ағылшын пәнінің 4 мұғалімі қаладағы 200-ге тарта тұрғынды оқытып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.