Жамбыл облысында «Мемлекеттік қызмет» жәрмеңкесі өтті

0 0

Шу және Тұрар Рысқұлов аудандарында жергілікті тұрғындар үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Онда аудан тұрғындарына заңгерлік кеңестер беріліп, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі түсіндірілді. Іс-шара Жамбыл облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  ұйытқы болуымен өтіп отыр.

Сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жер, тұрғын-үй, сәулет және құрылыс, салық, көші-қон, жұмыспен қамту салалары болып саналады. Осы себептен, бұл жәрмеңкеге қатысуға жоғарыда аталған мемлекеттік органдар таңдалған.

Жәрмеңкеге қатысушылардың көбі тұрғын-үйге, балабақша кезегіне тұру, жеке электронды кілт алу, жұмысқа орналасу сынды мәселермен келген. Тиісті мамандар  тұрғындардың сауалдарына заң талаптарына сәйкес жауаптар берді.

Аталған шараның мақсаты – шалғай орналасқан елдімекен азаматтарына  аудан орталығындағы мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде қызметтердің көрсетілу рәсімдері бойынша кеңес беру.

Ал Тұрар Рысқұлов ауданындағы жәрмеңкеге сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, білім, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары және басқа да бағыттар бойынша қызмет көрсететін 19 мемлекеттік орган қатысты. Шараның мақсаты — халыққа  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашық, сапалы болуы. Әкімшілік кедергілерді азайту. Және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру.

Шара барысында, келушілер сондай-ақ электронды қолтаңба алу қызметі жөнінде ауқымды түсініктер алды. Көпшілікті негізінен жер теліміне қол жеткізу, жеңілдікпен баспана алу, электронды порталды пайдалану сияқты сауалдар қызықтырды.

Түсіндіру жұмыстары  Жамбыл облысы бойынша ағымдағы жылдың бас кезінен бастап өңірдің 480 мекемесі мен ұйымында жүргізіліп, 87 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Осындай үгіттеу жұмыстары  алдағы уақытта да өтеді деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.