Тараздағы «Көктем» алабының тұрғындары өркениеттен қалыс қалған

0 0

Тараздағы «Көктем» алабының тұрғындары өркениеттен қалыс қалған,- деп хабарлайды  «ZhambylNews» AA Астана арнасына сілтеме жасап.

Тараздағы «Көктем» алабының тұрғындары өркениеттен қалыс қалдық деп шу шығарды.

Олар 10 жылға жуық Тараздың түбінде тұрса да инфрақұрылым игілігін көре алмай келеді. Жүздеген үй қала құрамына кірсе де, су мен жарыққа жарымай отыр. Жарығы жанбайтын бұқараны қараңғыда қарақшылар да мезі еткен.

Атшаптырым аумаққа халық 8 жыл бұрын қоныстана бастапты. Қалаға қосылса да, су мен жарыққа жарымай келеді, тіпті көгілдір отын да тартылмаған. Ал үй тонаушылардың үйде адам барынан қорықпайтыны жығылғанға жұдырық болып тұр.

«Көктем» алабында тұратын көпшіліктің көңілін табу үшін ұрыларды ұстап, инфрақұрылым игілігін көрсету керек. Олай болмайынша, тұрғындары табалдырығын торыған ұрылардың кесірінен көшіп кету мүмкін. Онсыз да он шақты үй  қазірдің өзінде баспаналарына баға сұрап, сатылымға шығарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.