Байзақ ауданында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде

0 10

Байзақ ауданында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Енді Жаңатұрмыс, Жібек жолы, Аймантөбе, Сарыбарақ, Тегістік, Ынтымақ, Шахан ауылының тұрғындары балтыры сыздап, басы ауырса аудан орталығына ем іздеп ағылмайтын болды.

Өйткені, жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде. Алғашқылары халық игілігіне пайдалануға беріле бастады. Онда фельдшер мен медбике қызмет көрсетеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа медпунктте балалар мен ересектерге арналған бөлмелері де бар.

Сондай-ақ, екпе жұмыстары , медициналық сараптама қабылдау және ем-дом жасау қарастырылған.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылмақ ауқымды істер-әрбір қазақстандықтың дені сау, өмірге құштарлығы зор, қоғамға тигізер пайдасы мол. Түптеп келгенде, бүгінгі кезеңнің денсаулық сақтау жүйесі де адамдар денсаулығының сақталуын тек емдеу ғана емес, аурудың алдын алу арқылы да жүзеге асыруға мүдделі болуы тиіс.

Айта кету керек, өткен жылы  жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Меркі ауылында және Қаратау аласында әрқайсысы ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана нысанын салу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 дәрігерлік амбулатория (Байзақ ауданы, Бурыл ауылында ауысымына 40 келушіге және Сарысу ауданы, Жайылма ауылында 20 келушіге арналған), Талас ауданы, Саду Шәкіров ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт, Мойынқұм ауданы, Қияқ­ты стансасында 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысын аяқтау, Шу қалалық ауруханасының қазандығы мен ас даярлайтын блогын және 2 дәрігерлік амбулаторияны (Т. Рысқұлов ауданы, Луговой стансасында және Құмарық ауылында) газ отынмен қамтамасыз ету қарастырылған.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды. Осы орайда, емдеу мекемелерінің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.