Қазақстанда ыстық ауа райы сақталады

0 0

Синоптиктер алдағы күндері елімізде ыстық ауа райы сақталатынын ескертті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Қазгидромет» мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 10 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 метрге жететін жел тұрып, 41 градус қатты ыстық болады.

Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай тұрып, дауыл, бұршақ жауып және солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге жететін жел тұратыны айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін еліміздің солтүстігінде күн суытатыны хабарланған еді. «Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, 11 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.