Таразда «Баласағұн» ОКЗ «Құрылысшылар күніне» арналған салтанатты жиын өтуде (ФОТО)

0 13

Дәл қазіргі уақытта Таразда «Баласағұн» ОКЗ «Құрылысшылар күніне» арналған салтанатты жиын өтуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, құрылысшылар күні алғаш рет 1956 жылы 12 тамызда КСРО-да мерекеленді. 1955 жылы 6 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының «Жыл сайын «Құрылысшылар күні» мерекесін атап өту туралы» Жарлығы шықты. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы Жарлығының ықшамдылығы Құрылысшылар күнінің кездейсоқ пайда болмағандығын дәлелдейді. Ол туралы газеттер мынадай пікір білдірді: «Партия мен үкіметтің құрылысшыларға қамқорлығы – КПСС ОК және ССР Одағы Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы 23 тамыздағы «Құрылысты индустриялдандыру, сапасын жақсарту және құрылыс құнын төмендету бойынша шаралар туралы» Жарлығы. Анық жазылған бұл қаулы құрылыстың жағдайын сараптап, құрылыс ісін кеңінен индустриялдандыруды анықтайды».

Мерекелік марапаттар, қолында билік бар өкілдердің қатысуымен өткізілетін салтанатты отырыстар, сол кездегі баспасөз аузына алмайтын жай ғана дастархан секілді құрылысшылар күнін мерекелеу кезіндегі салт-дәстүрлер бүгінге дейін сақталып келеді.

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылысшы — адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық. Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айының екiншi жексенбiсiн «Қазақстан құрылысшылары күнi» деп жариялаған болатын.

Тағы бір жаңалық. Биылғы жылы өңірде есепті кезеңге құрылыс көлемі 42 миллиард теңгені құрады. Бұл 18,8 пайызға артық. Барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 18 миллиард теңге инвестиция тартылып, 27 пайызға артты. 213 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 4,0 пайызға өсті. 15 көп пәтерлі тұрғын үй жыл соңына дейін тапсырылады.

Құрылыс алқаптарын инженерлік- коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз етуге 5,1 миллиард теңге бөлініп, 31 жоба іске асырылуда. Жүйенің жалпы ұзындығы – 135 шақырым. Білім саласында 15 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 нысан пайдалануға берілді. Оқу жылына 9 мектеп тапсырылады, қалғаны өтпелі. Денсаулық сақтау саласы бойынша 10 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 9-ының құрылыс жұмыстары екінші жарты жылдықта аяқталады, 1 нысан өтпелі. Біз алғашқы медициналық көмек көрсететін ғимараттары жоқ 82 елді мекеннің мәселесін 1-2 жылда шешуді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін қолдану арқылы мәселені тиімді шешуге болады. Биыл соның біразы шешімін таппақ.

Спорт саласы бойынша 7 нысанның құрылысы жүргізіліп, бүгінгі күнге 6-ауы пайдалануға берілді, 1-еуі жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар Таразда жеңіл атлетика манежінің, көркемсурет гимнастика кешенінің, 3 сауықтыру спорт кешенінің жобалау құжатына қаржы бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.