Шымкент қаласынан Парламент Сенаты депутаттарын сайлау 5 қазанда өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ал үміткерлерді тіркеу 4 қыркүйекте аяқталады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, сайлауға әзірлік пен депутаттарға қойылатын талаптар пысықталды. Комиссия төрағасы Берік Имашевтың айтуынша, кандидаттар бір ай бұрын қалалық маслихат арқылы не өзін өзі ұсына алады. Мұнымен қоса, Сенатқа үміткердің жасы 30-дан асқан, жоғары білімі бар және жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы керек. Сол өңірде кемінде 3 жыл тұрақты тұратын, істі болмаған Қазақстан азаматы Парламент депутаты бола алады.
Ольга Захарова, ҚР ОСК бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы:
— Сайлау алдындағы үгіт 2018 жылғы 15 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады. Сенат депутаттарын сайлау 5 қазанда Шымкент қалалық мәслихатының отырысы барысында өтеді.