Жамбыл облысында 947 жаңа жұмыс орны ашылмақ

0 11

2018 жылдың аяғына дейін индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 16,9 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, мұнда 947 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Гүлдана Әлімжанқызының ақпараты бойынша, өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік — экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты. Яғни, бірінші тоқсанның қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 265,0 млрд.теңгені құрап, 8,4 пайызға өсті.

— Бірінші тоқсанның қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 265,0 млрд.теңгені құрап, 8,4 пайызға өсті. Бұл- республикада алдыңғы үштік қатарындамыз деген сөз деді, — ведомство басшысы. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,6%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 3,4 пайызға жоғары (ҚР-5,2%). Өнеркәсіп саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға өсім бар (194,4 млрд.теңге), бұл республика өңірлері аралығындағы 2 оң көрсеткіш. Өнеркәсіп саласындағы өсім тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің – 14,8%-ға (22,7 млрд.теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 10,3%-ға (134,8 млрд.теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 9,8%-ға, (35,1 млрд.теңге) артуы есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Осы саладағы оң динамикаға индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлесін қосуда. Ағымдағы жылдың 6 айында бұл кәсіпорындармен 13 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.2018 жылдың аяғына дейін осы бағдарлама аясында құны 16,9 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, мұнда 947 жаңа жұмыс орны ашылмақ,-деді Гүлдана Жауынбекова.

Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында оң динамикаға индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлесін қосуда. Ағымдағы жылдың 6 айында бұл кәсіпорындармен 13 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

«Мемлекеттік бюджетке 41,9 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 113,0%-ға қамтамасыз етілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға артық. Облыс бюджетінің шығыстары 99,7%-ға орындалып, 126,3 млрд.теңгені құрады деді», – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.