Ішкі істер министрлігінің үш бірдей қызметкері құрықталды

0 4

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев ведомствода жемқорлықты жоюға қатысты бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанындығын мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Мәселен, Алматы қаласы ІІД ЖҚБ жабық тексерісі нәтижесінде, ЛА-155/18 бөлімшесінің қызметкері колония аумағына және түрмеге тоғытылған азаматқа ақша бергені үшін, жеке тұлғадан пара алғанын анықталған.

Оқиға ҚР ҚК 361 бабы (өз лауазымын асыра пайдалу) бойынша СТАБР-не тіркелген.

Сол сияқты Қостанайда ІІД ЖҚБ қызметкері заттай айғақтарды сақтау камерасынан өз лауазымын асыра пайдалану арқылы, заттай дәлелдерді қолды еткені белгілі болған.

Ал Қарағандыда тамыз айының 9-ында ІІД ЖҚБ қызметкерлерімен жеке кәсіпкердің қоластындағы шетелдік жұмысшыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жазасын бермеу үшін, кәсіпкерден пара алған облыстың көші-қон қызметі басқармасының қызметкері ұсталған.

Аталған оқиға да ҚР ҚК 366 бабы (пара алу) бойынша СТАБР-не тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.