Алдағы үш күнде Қазақстанда аптап ыстық болады

0 6

Синоптиктер 14-16 тамыз күндерінің ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жаңбырдан кейін тағы да аптап ыстық болады. Иран аумағынан келе жатқан тропикалық ауа массалары республиканың басқа өңірлерінде де ауа температурасының көтерілуіне себеп болады. Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан ауа ағындары Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс облыстарына, апта ортасында солтүстік және орталық өңірлерге күшті жел мен жауын-шашын алып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.