Жамбыл облысында «Мектепке жол» акциясы бойынша 1 253 балаға көмек көрсетілді

0 1

Жамбыл облысында республикалық «Мектепке жол» акциясының алғашқы он күнінде 1 253 баланың мектепке дайындалуына көмек көрсетілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Акция аясында 40 338 мың теңгеге мектепке қажетті құрал жабдықтар және мектеп формалары алынды.

Естеріңізге сала кетейік, бiлiм және ғылым министрлiгi балалардың құқын қорғау комитетi әдетте жаңа оқу жылының басталуына бiр ай қалғанда «Мектепке жол» жалпы республикалық қайы­рым­дылық акциясын өткiзедi. Биылғы акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін  «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтедi. Екі ай бойы жүргізілетін ауқымды шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын алып беру.  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бі­лім және ғылым министрлігі Бала­лар­дың құқын қорғау комитеті төраға­сының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім жылдан жылға акция­ның ауқымы кеңейіп, тұрақты демеу­шілер мен меценаттардың қатары артқанын жеткізді.

Былтыр 320 мың балаға жалпы сомасы 2 млрд 468 млн теңгенің көмегі көрсе­тіліпті. Көмекке мұқтаж балалар­ға көмектесу жағынан Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе об­лыстары көш бастаған. Бұл өңiр­лерде 30 мыңнан астам бала «Мек­тепке жол» акциясына қатысып, мектепке қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етіліпті.Ал акция аясында қаржы тарту жағынан Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары алдыңғы лектен көрінген. Әр өңір шамамен 500 млн теңгеден астам қаражат тартып, көмекке зәру жеткіншектерге мектеп құралдарын алып берген. Мәншүк Әбдікәрімнің айтуынша, биылғы акция барысында оқушылардың жаппай мектепке баруына айрықша көңіл бөлінбек.

Тоғыз жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы биыл да  өз жалғасын тапты. Осы орайда, ағымдағы жылы тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата¬аналарының қамқорлығынсыз қалған 28 307 балаға әлеуметтік көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, биылғы акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен өтіп жатыр.

Тағы бір жаңалық. Облыста ағымдағы жылы білім саласында 15 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 нысан пайдалануға берілді. Оқу жылына 9 мектеп тапсырылады, қалғаны өтпелі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.