Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Сарысу ауданы әкімі Балабек Нарбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
Ауданда алғашқы 6 айда ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 2487,5 млн.теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,0 пайызға орындалды.
Сондай-ақ, аудан бойынша биылғы жылы дәнді дақылдар, көкөністер, бақша өнімдері мен 2-3 жылдық, көп жылдық шөпті қосқанда барлығы 19 696 гектар егістік жер игерілді.
Сонымен қатар, мал басында және өнімінде тұрақты өсім сақталып отыр. Атап айтар болсақ, ауданда ағымдағы жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара 20 300 басқа, қой-ешкі 281 450 басқа, жылқы 6 350 басқа, түйе 2 183 басқа жеткізіліп, 3 114,2 тонна ет, 2 753,9 тонна сүт, 1 893,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Бүгінгі күнге аудан бойынша 862 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен қой малдарын сатып алған. Ал 1 269 мүйізді ірі қара малына асылдандыру жұмысын жүргізіп, барлығы 45 шаруа қожалықтарына 32,3 млн. теңгеге субсидиялау құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды.