Жамбыл облысында шаруа қожалығының басшысы мен қызын өлтіріп кетті

0 0

Жамбыл облысында шаруа қожалығының басшысы мен қызын өлтіріп кетті. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұсталды.  Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері 14 шілде күні Шу ауданында шаруа қожалығының басшысы мен оның қызын пайда күнемдікпен өлтірген күдіктіні ұстады», — деп хабарлады министрлік.

Күдіктіден мотоцикл, ноутбук, ұялы телефон және ақша тәркіленді. Аталған факті бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.