Шу ауданы, Шу қаласында суға кеткен 10 жасар баланың денесі 4 тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 -тамыз күні Шу қаласындағы «Солжағалау» магистральді каналына 10 және 11 жастағы екі бала батып кеткен. Рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, батып кеткен балалардың бірінің денесі бір тәуліктен кейін судан шығарылған еді. Ал екінші бүлдіршіннің денесін іздестіруге төтенше жағдай, ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған 120 адам жұмылдырылған. 8 техника жағалауда жұмыс істеп жатыр. Әзірге іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ.
Шомылу маусымы басталғалы бері аймақта 10 жасөспірім суға батып, қайтыс болды.