Ағымдағы жылы 15 тамыз күні сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін Тараз қаласы Тауке хан көшесі, №1 «Д» мекен-жайда орналасқан «Small» супермаркеті кешенінің ауласында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
ҚР Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының ұсынысымен Тараз қаласында мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді, әрі сапалы көрсету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.
Аталған іс-шара шеңберінде онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіліп, Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерімен халыққа толық ақпарат беріліп, мүмкіндігінше қызмет көрсетілді. Жәрмеңке барысында 300-ге жуық адам қамтылды.
Іс-шараға мемлекеттік қызметтер көрсететінсаланың мамандары қатысып, қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, ешқандай парасыз, тиісті қызметтерді тиімді пайдалану жолдары айтылды.
Жәрмеңке барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сұранысқа ие салалары бойынша (жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, білім беру, жұмыспен қамту, АХАТ, ветеринария, халықты жұмыспен қамту орталығы) қажетті консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді.
Іс-шара соңында қала тұрғындарына жадынамалар таратылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
М.Молдағалиева
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысы