Аттестациядан өтпеген мұғалімдерге тағы бір мүмкіндік беріледі

0 13

Жаңа оқу жылынан бастап аттестацияны тапсырған мұғалімдерге үстемақы төлене бастайды, — деп xабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, аттестацияның биылғы жүйесі бойынша әрбір мұғалімге біліктілік санаты беріледі. Соған қарай жалақыға 30-50 процент көлемінде үстемақы қосылады.

«Мамыр айында аттестацияға 60 мыңға жуық мұғалімдер қатысып, олардың ішінен 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Бұл — барлық мұғалімдердің 63 проценті. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап аттестациядан өткен мұғалімдерге категорияларына қарай қосымша ақы төленеді. Ал аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер оны ағымдағы жылғы қарашада қайта тапсыра алады», — деді Е.Сағадиев Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде.

Айта кетейік, аттестациядан бөлек жаңартылған білім беру мазмұны үшін төленетін 30 проценттік үстемақы да бар. Министрліктің мәліметіне сәйкес, осы санатқа республика бойынша 205 мың мұғалім кіреді.

«Үстемақының тек қана 18 сағатқа төленетінін біз білеміз. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз», — дейді Е.Сағадиев.

Алдағы уақытта министрлік мектеп мұғалімдерін ҰБТ-дан босатуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, биыл мұғалімдердің жүктемесіне қатысты арнайы бұйрық шықты. Оған сәйкес, мектеп мұғалімі тек 5 құжатты ғана толтыруға міндетті.  Бұдан бөлек, мектеп пен ата-аналар арасында келісімшарттар рәсімделеді. Аталған бастама алғаш рет биылғы оқу жылынан бастап енгізіліп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.