«Канело» күтпеген мәлімдеме жасады

0 0

Мексикалық боксшы Сауль Альварес «Канело» клэнбутерол үшін алты айға спорттан шеттетілгеннен кейін көп нәрседен сақтанып жүретінін мойындады. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Басымнан өткен жағдайдан кейін көптеген сақтық шараларын қолданамын. Шынында да, қазір барынша сақ болып жүрмін. Бұл орайда мен тым шектен шыққан сияқтымын», – дейді Канело.

Альварестің спорттан уақытша шеттетілу уақыты 17 тамызда аяқталды. Енді ол 15 қыркүйекте Геннадий Головкинмен кездесу үшін рингке оралады. Олардың алғашқы жекпе-жектері өткен жылы қыркүйек айында Лас-Вегаста өткен және сол күнгі айқаста екі боксшы да тең түскен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.