Елімізде тегін дәрі-дәрмекті кімдер ала алады

0 17

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылы тегін медициналық қызмет көрсетуге қажет дәрі-дәрмекке тапсырысты қамдай бастады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министр бекіткен тізімге әзірге 829 дәрі мен 315 медициналық құрал-жабдық енген. Сұранысқа сай тізім өзгеруі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, 550 өнім түрлерін амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар, 45-ін диспансерлік есепте тұрғандар ала алады. Айтпақшы, биылдан бастап медициналық препараттарды сатып алу электронды форматта жүргізіледі. Тендер жұмыстары екі айға созылады. Демек дәрі-дәрмектер жыл соңына дейін түгел дайын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.