Таразда түнгі уақытта көңіл көтеру орындарына тексеріс жүргізілді (ФОТО)

0 2

Тараз қаласында 17-19 тамыз күндері түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жасалған құқық бұзушылықты анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейдке Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, ІІД Жергілікті полиция қызметі, қалалық әкімдік өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Тексеру барысында 22 ойын-сауық мекемелерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың 31 дерегі және есірткі қылмысының үш дерегі анықталды. Оның 19 дерегі — темекі бұйымдарын тұтынуға (кальян) тыйым салу, бесеуі — темекі және темекі бұйымдарын сату бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзу, бес дерегі — кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ата-аналарынсыз және оларды алмастыратын тұлғаларсыз жүру, үш дерегі — қоғамдық орындарда есірткі заттарын медициналық емес тұрғыда тұтыну және екеуі — қоғамдық орындарда есірткі заттарын тұтыну және көңіл көтеру орындарында есірткі құралдарын медициналық тұтыну мен сатудың жолын кесу бойынша шараларды қабылдамау дерегі.

Мәселен, «Алигатор» кафесінде марихуана тұтынған 26 жасар келуші ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс басталды, ал осы ойын-сауық орнының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы бойынша әкімшілік өндіріс басталатын болады.

Рейд барысында тексеру нысандары болған кафе және бар иелері мен әкімшіліктеріне ҚР ӘҚБтК-нің 422 және 423- баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді, оларға қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынғаны (кальян) туралы ескерту парақтары берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.