Жамбыл облысында Қоғамдық кеңестің Интернет-қабылдау желісі ашылды

0 7

Жамбыл облысында Қоғамдық кеңестің Интернет-қабылдау желісі ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Қоғамдық қабылдау сайттары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» және «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жобаларының аясында ашылып отыр.

Сондай-ақ, «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» жобасы аясында J-RECEPTION.KZ домені негізінде жаңа сайт ашылды.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» жобасы аясында облыстық, Тараз қалалық, аудандық Қоғамдық кеңестері жұмыстарының ашықтығын көрсету мақсатында Q-KENES.KZ домені негізінде сайт ашылды.

— Қоғамдық кеңестің ресми сайтында республикалық, облыс пен аудан көлеміндегі жаңалықтармен тұрақты түрде толықтырылып, «Сұрақ-Жауап», «Қоғамдық бақылау» айдарлар жүргізіледі. Сайтқа өзекті мәселелерді талқылау бойынша мақалалар, мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік-құқықтық актілер орналастырылатын болады. Ал «J-RECEPTION.KZ» сайтында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қоя алады — деді «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан.

Сайтта түрлі бағыттарда айдарлар болады. Қоғаммен кері байланыс орнату жұмыстар жүргізілуде.

— Елбасы бүгінгі таңда көптеген саланы жаңа технологиямен қамтамасыз ету, соның ішінде цифрландыруға көшуді тапсыруда. Бүгінгі іске қосылып отырған жаңа сайт та соның бір дәлелі деуге болады. Өйткені, біз үшін қоғаммен кері байланыс орнату өте маңызды болатын. Бұл мәселе енді өз шешімін таппақ.Кез-келген адам осы сайт арқылы жергілікті, оның ішінде облыстағы, қаладағы, аудандардағы қоғамдық кеңестердің жұмыстарымен таныса алады. Сайт арқылы азаматтардың күнделікті еліміздегі жаңалықтармен танысуға да мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, әрбір адам өзін толғандыратын сұрақтарын қойып, оған жауап ала алады, — дейді облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли.

Сонымен қатар, республикалық, облыс пен аудан көлеміндегі жаңалықтармен тұрақты түрде толықтырылып, «Сұрақ-Жауап», «Қоғамдық бақылау» айдарлар жүргізіледі. Сайтқа өзекті мәселелерді талқылау бойынша мақалалар, мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік-құқықтық актілер орналастырылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.